08 Қараша, 2018

Қолдауға әбден лайық бастамалар

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қолдауға әбден лайық бастамалар

Қазақстан басшысы сотқа деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің көкейкестілігін орынды атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың судьялар жұмысына заманауи пішімдер мен алдыңғы қатарлы электронды сервистер енгізіп, сондай-ақ басы артық сот процедураларын қысқарту қажет деген шешімді ұстанымға ұмтылысын толықтай қолдаймын.

Сонымен қатар «Астана» халықара­лық қаржы орталығын Қазақстанды жаңғырту мен оның шетел инвесторлары үшін тартымдылығын жоғарылатуға оң ықпал ететін оазис ретінде әрі қарай дамыту бағытындағы бастамасын қуаттаймын.

Андреа Амедэо ПРОСПЭРО,

Prospero адвокаттық кеңсесінің басшысы

Лугано, Швейцария