10 Қараша, 2018

Мақтааралдың мерейтойы аясында өткен спартакиада өз мәресіне жетті

254 реткөрсетілді

Мақтааралда ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында спорттың 5 түрінен өткен «Ұландар достығы ұлт бірлігіне ұласады» атты спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Аудандағы этномәдени орталықтарынан құралған командалар кіші футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, армрестлингтен жарысып, жеңімпаздар анықталды. Спартакиаданың марапаттау рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Мақтаарал аудан әкімінің баспасөз қызметі.

«Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Осы айтулы мереке қарсаңында аудандағы этномәдени орталықтарының  жастары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – Мақтаарал ауданының тұрғындары мен жастарының арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Сонымен қатар, ауданымызда отыздан аса ұлт өкілдері тұрады және біз бірлігіміз жарасқан кезде ғана жетістікке жетеміз. Сондықтан, ұлттар достығын насихаттайтын осындай іс-шаралардың көп болуын өз басым қолдаймын. Бүгінгі жарысқа белсене қатысқандарға алғысымды білдіремін. Спортта да өмірде де биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!» - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Ауданның барлық округтері мен кенттерін қамтыған спорттық іс-шара қортындыланып, орын алған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Спартакиаданың қорытындысы төмендегідей:

Футбол

  • 1 орын – «Қоғамдық келісім» КММ
  • 2 орын – Жаңажол а/о
  • 3 орын – Аудандық спорт бөлімі

Волейбол

  • 1 орын – Мақтаарал а/о және Атакент кенті
  • 2 орын – Мырзакент кенті
  • 3 орын – Бірлік а/о

Армрестлинг

  • 1 орын – Бірлік а/о
  • 2 орын – Мақтаарал а/о
  • 3 орын – Атакент кенті

Арқан тартыс

  • 1 орын – Еңбекші а/о мен Иіржар а/о
  • 2 орын – Бірлік а/о 
  • 3 орын – 2037 әскери бөлім

Үстел теннисі

  • 1 орын – Мырзакент кенті
  • 2 орын – 2037 әскери бөлім
  • 3 орын – 2037 әскери бөлім
Баннер
Соңғы жаңалықтар

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар