Аймақтар • 13 Қараша, 2018

Жамбылда жастар форумы өтті

943 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама­лық мақаласынан туындайтын міндет­тер­ді жүзеге асыру барысында Тараз қаласында Жамбыл облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орта­лық­тың және «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірім­дер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты форум өтті.

Жамбылда жастар форумы өтті

Аталған форумға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төр­аға­сының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, облыстық жастар сая­саты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен, облыстық білім бас­қармасы басшысының орын­басары Талғат Жамалов, облыстық «Жас Отан» жастар қ­ана­тының төрағасы Уәлихан Болат­бек қатысты.

Сонымен қатар форумға өңір­дегі «Жас Ұлан» ұйымының оқу­­шы­ларына жаңаша бағыт беріп, жас­өс­пірімдерді патриоттыққа тәрбие­­леп жүрген Талас, Жамбыл, Қор­дай, Шу, Байзақ, Меркі, Т.Рыс­құлов, Жуа­лы, Мойынқұм және Сары­су аудан­­дарының тәлімгерлері, үй­лес­тіру­шілері, ал Тараз қаласы­нан мек­тептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, үш тілде оқытатын мамандандырыл­ғ­ан дарынды балаларға арнал­ған мектеп-интернаты, Айші бибі атындағы дарынды қыз балалар­ға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, Н.Тілендиев атындағы мектеп-ин­тернатының тәлімгерлері мен үй­лес­тірушілерімен қатар аудандар мен қаладан келген жасұландықтар да қатысты. Аталған форум ая­сында аудандық белсенді жасұлан­дық­тар мен тәлімгерлерге арнал­ған семинар-тренингтер өтіп, орта­лық мұражайда экскурсия ұйым­дастырылды. Сонымен қатар жастар форумына жиналған көпшілік жасұландықтардың көңілді флешмобын тамашалады. Форум барысында аталған ұйым қатарына салтанатты түрде белсенді оқушы­лар қабылданып, облыстың үздік жасұландықтары мен тәлімгерлерін «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Айжан Алебаева мен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек арнайы дипломдармен марапаттады.

Бұдан кейін мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орта­лығының барабаншылар тобы, Абай атындағы Жамбыл гумани­тарлық колледжінің «Ән 13» тобы, Қордай ауданының «Мұрагер» триосы, «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі өнер көрсетті. Форумға жалпы 500-ден аса адам қатысты. 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы