Швед ғалымдары Рагнар Фанге мен Кнут Шмидт-Нильсон екеуі қолтырауындар шынында да жылай ма екен деп анықтап көруді ойластырады.
Қолтырауындар жылай ма екен? Жылайды екен, шын мәнінде мақұлықтың жанарлары боталап жас шығаратынын анықтаған, бірақ өкініштен емес, организмдерінде тұздың көбеюінен деп дәлелдеген зоолог ғалымдар. Олардың зерделеуі бойынша, бауырымен жорғалаушылардың бауыры жетілмеген болып шықты. Сондықтан да организмдерінде тұздың жаратылысы ерекше бездердің бауырға көмегі басқаша жаратылатын қасиетке ие. Жарықтық қолтырауынның тұз бөлетін безі көздерінің ойшығы аумағына жақын орналасқан болып келеді. Бар күшін салып қимылдаған кезде олардың көз жасын сығып алатыны анық рас деп түйіндеген.
Бразилиялық үнділер теңіз тасбақаларының өз мекендерін өзгерткенде қимай жылайтынын айтқан. Ғалымдардың зерттеуі бойынша теңіз жыландары мен игуан кесірткелерінде де жас бездері бар екені анықталды.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ