13 Қараша, 2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

169 реткөрсетілді

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, подполковник Ерлан Жортанов әскери бақылаушы ретінде қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер аясында өзінің борышын орындай отырып, Батыс Сахарада Референдум өткізу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясынан оралды.

Қазақстандық әскери қызметші, подполковник Е. Жортанов бір жыл бойы Африка елінде болды. Осы уақытта ол сондағы бір әскери бақылаушылар базасында қызмет атқарып сол базаның командирі болып тағайындалды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатыса отырып, мен пайдалы тәжірибе жинақтадым және алған біліміммен бөлісуге дайынмын. Батыс Сахарадағы миссияға қатысқан бұрынғы офицерлер өздерін кәсіби және тәжірибелі мамандар ретінде көрсете білді», - дейді ол.

Миссияда әскери бақылаушылар белгілі бір тапсырмаларды орындайды: тыныштықтың сақталуын қадағалайды, бөлінген жауапкершілік аумағын бақылайды. Қазіргі уақытта Батыс Сахарада және Ливанда Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына әскери бақылаушы және әскери контингент ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері де қатысуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекшісі біздің әскери қызметшілердің кәсібилігіне жоғары баға беріп, Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясы басшылығының медалдары, Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапаттапты.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар