Аймақтар • 13 Қараша, 2018

Маңғыстауда автоматтандырылған жылу пунктін орнатады

188 реткөрсетілді

Өңірдегі энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру шаралары туралы мәселені энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Салимов мәлімдеді.

Ағымдағы жылы «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірігіп Қарақия ауданының 2 білім беру ұйымында, яғни Жетібай селосы №3 мектеп 84 миллион теңге, Мұнайшы селосы Балауса бала-бақша 24 миллион теңге, жалпы құны  108 миллион теңге құрайтын энергия үнемдеу технологияларын пайдалана отырып жөндеу жүргізілді. Нәтижеде, 45%-ға дейін электр қуаты және 30%- ға дейін жылу үнемделді.

Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі қарай іске асыру үшін «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірлікте 548,209 миллион теңгеге Ақтау қаласындағы 22 мектептің жарық шамдары жүйелерін пайдалану және жаңарту концепциясы жасақталды. Жобаға сәйкес 22 072 дана жарықшам, 48 770 дана электр шамдарды ауыстыру қарастырылған. Нәтижесінен жылына 35,025 миллион теңге қаражатты немесе 44,68% дейін электр қуатын үнемдеу мүмкіндігі күтіледі.

Бүгінгі таңда  пилоттық тәртіпте қосылатын тұрғын үйлерде  жылу, электр энергиясы, су үшін ортақ үйлік есепке алу аспаптары орнатылып, есепке алу аспаптарынан деректерді онлайн режимде алу іске асырылып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін деректерді онлайн режимде беру мүмкіндігі бар және автоматтандырылған жылу пунктін орнату жоспарлануда. Бұл жылу беру маусымы кезінде 11,0 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар