Қазіргі заманауи талаптар мен үндес істің Ақтөбе аймағында өзге өңірлермен салыстыра қарағанда төмен болуының кейбір обьектитік және субьективтік себептері де жоқ емес. Соның бірі облыс аумағының өте кеңдігі мен ауқымдылығы болып отыр.
Бүгінгі кезде өңірде осы олқылықтың орнын толтыру жөнінде нақты іс-қимыл жоспары белгіленген. Соған сәйкес 2020 жылға қарай облыс халқын жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамту 75 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл жөнінде газет тілшісіне «Қазақтелеком» АҚ батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Абай Қадыралиев айтып берді.
«Цифрлы Қазақстан» жол картасының тигізіп отырған көмегі мен шапағаты мол. Яғни оның аясы мен шеңберінде 250 ден астам адам тұратын елді-мекендер мен ауылдарды жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосу мақсаты көзделген. Бұдан басқа бағдарлама бойынша денсаулық сақтау, білім беру салалары мен smart city жобасын бір мезгілде кешенді түрде цифрландыру шаралары қарастырылған.
Тұтастай алғанда қазіргі күні облыс бойынша жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесімен қамту жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Оның тиісті нәтижелері де бар. Алдағы мақсат атқарылған істің ауқымын одан әрі арттыра түсу және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының дер кезінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болмақ.
Темір Құсайын
«Егемен Қазақстан»