Нұрсұлтан Назарбаев Ахмет Давутоғлудың екіжақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркияның бұрынғы Премьер-министріне Астана клубының отырысына белсенді атсалысып, өз ойын ортаға салғаны үшін ризашылық білдірді.