Қазақстан • 14 Қараша, 2018

«Жастарды қолдау» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana hub» халықаралық технопаркінде  «Жастарды қолдау» бағытының комиссия отырысы өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық тәлімгер Бақтияр Мәкен төрағалық ететін комиссия құрамына  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Министрліктер өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және белсенді жастар кіреді.

«Жастарды қолдау» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті

Кезекті комиссия отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы, «Арнайы инновациялық алаңдар құру арқылы IT саласында жоғары дәрежелі жас мамандарды даярлау және Қазақстанның цифрлық бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар комиссия мүшелеріне арнайы «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің таныстырылымы өтті.

Отырыс барысында Халықаралық IT университетінің Ректоры Шыныбеков Дамир Абдухалиұлы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің IT саласында жоғары дәрежелі жас мамандарды даярлаудағы рөлі мен атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Университет оқытушыларының 60%-ының шетелдік білімі бар болса, 100-ден астам түлек «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алуда. Сонымен қатар ортақ келісім негізінде студенттер америкалық Carnegie Mellon университетінде өз білімдерін жетілдіреді.

Ерекше атап өтетіні, Халықаралық IT университеті тек жастарды ғана емес, зейнеткерлерді де компьютерлік сауаттылыққа үйретеді. Бұл мақсатта «50+» әлеуметтік жоба іске асырылады. Осы уақытта 4 000 астам зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар білім алған.