Кездесу барысында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру және 2019-2023 жж. Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен серіктестігінің алдағы Шекті стратегиясы аясында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.
Өзара іс-қимылдың басым салалары арасында туризм, АӨК, индустрияландыру, көлік және логистика, өңірлік инфрақұрылымды дамыту секілді салалар қаралды.
Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы 2002 жылдан бастап іске асырылып келеді әрі стратегиялық жоспарлау және алдыңғы қатарлы тәжірибелер саласындағы сараптамалық білімді талдау мен берудің бірден-бір құралы. 2012 жылы Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2012-2017 жылдарға арналған Елдік серіктестік стратегиясын бекітті.
2017 жылы Дүниежүзілік банк серіктестіктің қол жеткізген нәтижелерін талдауға және ынтымақтастықты жалғастырудың басым бағыттарын анықтауға бағытталған Қазақстанның жүйелі елдік диагностикасын жүргізді, алдағы бес жылға ынтымақтастықтың басым бағыттарының көрінісі бар, олар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын ескере отырып қалыптастырылған. Диагностика және талқылаулар қорытындысы бойынша серіктестіктің 2019-2023 жылдарға арналған жаңа Елдік стратегиясы әзірленуде.