Руханият • 14 Қараша, 2018

1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №407 санында жарияланған мақала

1673 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №407 санында жарияланған бұл мақала газеттің жар­ық кө­р­ге­ніне 4 жыл толуына орай басылыпты. Авторы жазылм­аған бұл мақалада сол кездегі газет өмірі, оған әлеумет қатынасы сөз етіледі. Осы арқылы сол кездегі қазақ қоғамы жа­йында көптеген мәлімет алуға болады.

1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №407 санында жарияланған мақала

«Еңбекші қазақтың» бас­тап шыққан күні 1921 жыл ноябрьдің 7-сі еді.

Ол жылы кәдімгі мешін жұтының ауырлығы басып, елдің, үкіметтің есін тандырып тұрған кезі болды.

Алғаш­­қы кезде газет же­тісінде бір шығатын болды. Баспасөзі жөнге қойылып, қалам қайраткерлері тө­сел­меген қазақтың жаңа дә­уірінде жетісінде бір шы­ға­ру­­дың өзі де ауыр болды. Өйт­кені баспаханада қаріп аз, қаріп тізушілер аш, іске көңілсіз еді.

Елдің жұтқа ұшырап, алды қырылып жатқан ұлы апаты кезін­де елдің көз-құлағы болу өте керек еді. Ел мен үкімет ара­сын жақындастырып, ел мұңын, үкімет шараларын бір-біріне жеткізуде «Еңбекші қазақтың» ол дәуірі тарихта зор орын алады. Газеттің ол кез­дегі елге таралу реті нашар болды. Ақысыз, тегін таратылатын болса да, жергілікті пошта орындарының салақ­тығынан жіберілген жерге уақытында бармады. Ел ішін те­гіс жайлап, орын тебе алмады. Жалпы ел қатынасып, жымдаса алмады. Бұлай болуда­ газет басқармасы айып­ты емес еді. Басқарма қолы­нан­ келген шарасын істеп, ек­пінді жұмыстарға қол салып,­ жөн сілтей алды. Ол кездегі халықтың тұрмысына, мәдениет өрісіне лайықты жұ­мыс істей алмады деп те бас­қар­ма­ны айыптауға болмайды.

«Еңбекші қазақ» екінші жылында жетіде екі рет шы­ғуға кірісіп еді. Бірақ екі рет шығуын ауыз айтса да, кейде жетіде бір-ақ шығып қалатын кездері болды. Өйт­кені ол кезде баспахана ісі былық бо­лып, берілген материалдар мезгілінде үлгірмеді.

Алғашқы ұйымдасуында бас қосып, іске ысылып қалған жазушылары басқа жұмысқа бытырап кетіп, басқарма қыз­мет­керлері жаңа адамдардан құрылды. Жазушылар саны аз болды. Міндетті жазушылар 2-3-ақ кісі болып, көбіне шет­тен жазушыларға мұқтаж болды. 

Ол кезде ұйымдасқан тіл­ші­лер болмады. Анда-санда әлдеқалай келіп қалған бірлі-жарымды елден жазылған ша­ғым хаттардан басқа елден күрделі еңбек өнбеді. Ол кезде көбіне оқушы жастардың ғана көмегі тиіп, жазуға ұмтыла бастаған кезі еді. «Еңбекші қазақтың» ол кезіндегі көзге түсетін жұмысы – оқушы жас­тар арасында саяси қозғалыс туып, баспасөз ісіне жақын жүретін әдет пайда болу болды. Бұл жылында да газет таралу жұмысы көңілдегідей болмады. Газет ақылы болып, баға белгіленсе де көбіне тегін таралып жүрді. Алғашқы жылы ақы­лы болғанмен ақша төлеп ал­дырушы сирек болды. Газет жі­беру ісі де тәртіпті емес еді. Кө­бі­не газет жоғалу, тү­гел ­бар­май қалу сықылды ауру­лар болып жүрді.

Үшінші жылында жетіде 

3 шы­­ға бастады. Бұл жылында да жазушылары өзгеріп, жаңа­ адамдар кірді. Газет қолдан қолға көшіп жүріп, күрделі еңбек көрсете алмады. Елге өзін танытып, елмен қолтық­тасуы, елдің қышыған жерін табатын шын қамқоры екендігі көзге көріне алмады. Жазушысы аз, қызметкерлері толық болмай, көптің қалам көмегіне бұл жылда да мұқтаж болды. Үшінші жылының соңғы кезінде елден жазушылар бірте-бірте көбейіп, әр жерден көріне бастап еді, газет тілшісіз өркендемейді деген ой түсіп, көбірек тілшілер қаламына бой ұрды. Елден жазу­­шылар жазуға жаңа бет алған кезі осы жылында көбірек көрінді.

«Еңбекші қазақтың» төр­т­інші жылында тұлғасы өсіп, өрісі кеңуге бет алды. Басқарма адамдары табан серіппей отырып қызмет қы­ла­­тын жазу-­шыларын кө­бейтті. Бұр­ынғы жауапты қыз­меткерлерінің орнына басқа адамдар қойылды. 

Ел ішіне әдейі арналып агенттер жіберілді. Сенімді тілші­лердің тізбесі алынды. Әр жерден тілшілер белгіленді. Елден алдырушыларды көбей­ту, газет нау­қанын ашу сықыл­ды жұмыс­тар жүргізілді.

Соңғы кезде тілшілер саны 350-ден асып, алдыру­шы­­ларының саны 8000-ға жетті. 

Бұрын шағымнан басқаны хабар екен деп түсінбейтін ел жазушылары енді шаруа­шылық, мәдениеттік істерге қатынасып, солар туралы жазуға төселіп келеді.

Ел ішіне газет таралуға жан­ салып кіріскен, үгіт-на­си­хат­ жүргізіп, бірнеше алдыру­шы­лар жинаған белгілі тілшілер бар. 

Төртінші жылында газет алушы көбейгеннің үстіне таралу жұмысында аз кем кемшілік болды. Оған басты себептер бар:

Газет жіберу жұмысы жа­­­ңа рет­­теліп келе жатқан мезгілде бас­қарманың қо­ныс ау­да­ру кезі болды. Орын­бордан Қыз­ылордаға көшу жұ­­мысы басқарманың газет та­ра­ту жұмысына көп ке­дер­­гі болды. Орынбордағы газет жіберу ісіне ысылып қалған қызметкерлердің көбі Қызылордаға келмей қалды. Жа­­ңа қызметкерлер жаттығып кеткенше көп газет иесіне мезгілінде барып жетісе алмай қалулы. Басқарма ол қателікті мойнына алып, істі реттеп алу­ға кірісіп отыр.

«Еңбекші қазақтың» 4 жыл­­дық өмірінің қысқаша тари­хы осы айтылғандар. Бас­­па­сөзі өркендеп, қалам қай­рат­­керлері ысылмаған қазақ жұр­тының өмірінде көп кем­шілік­тер ­болу­ға мүмкін. Бірақ жыл санап бұрынғы кем­­шіліктер жойылып келе жат­қанын көріп отырмыз. Әлі де кемшіліксіз, мүлтіксіз емес шығар, әйткенмен бұрын­ғыға қара­ғанда бұты-қолын созуға бет алды. 4 жасында же­ті­сіне 4 шығып келсе, 5 жа­сына қара­ғанда күнде шық­қалы тұр. Тіл­­шілерін тәрбиелеп, солар ар­қылы елге жаңа жұртшылық ор­нату, тап сезімін күшейтіп, сая­­си сана беру ісіне кіріскелі тұр.

Газет­тің көпке ұнап, көптің газеті болу, тап құралы, тап жоқ­шысы екенін іспен ыспаттау үшін саналы азаматтардың қала­мына әлі де мұқтаж.

Елмен қатыса білуге бас­қарма тәжірибе шегіп келеді. Әлі де тілшілерді тартып, олар­­­­дың салт-санасын өсіру жабдығына кіріскелі отыр. 

Ендігі тілек, әлеумет қыз­метіндегі саналы азамат­тар­дың көмегінде қалды. Елдің мә­дениет, шаруашылық іс­­те­рін­­дегі күндік өмірге бай­лау­лы мәселелерді майданға са­лып, пікір жүргізуге тартынбас ­деген үміт бар.

Дайындаған  Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»