Кездесу барысында техникалық өзара іс-қимыл саласында және макроэкономикалық перспективалардың түрлі мәселелері, салық-бюджет және инвестициялық саясаттарды жетілдіру, соның ішінде Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында ХВҚ-мен ынтымақтастық әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Еліміздегі құрылымдық реформалар мәселелеріне, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам», жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығының қызметі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.