19 Қараша, 2018

Алаңсыз өмір сүрудің жаңа кезеңін бастаймыз

498 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Біз Елбасының жыл сайын Жолдау жариялайтынын білетін және оны күтіп жүретін елге айналғалы қашан! Президентіміздің 1997 жыл­ғы алғашқы Жолдауынан бастап күні кешегі Жолдауы аралығындағы стра­те­гиялық міндеттердің бірде-бірінің маңыздылығы әлі күнге дейін жойыл­маған.  

Алаңсыз өмір сүрудің жаңа кезеңін бастаймыз

Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы 21 Жолдауы­ның барлығын да алдымызға жайып қойып зерделер болсақ, бәрінде де бір мақсат – ел болу, Қазақстанды әлемнің дамыған озық мемлекеттерінің қатарына қосу, жаһандық дағдарыс жағдайында да экономиканы ілгерілету азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, алыс және жақын шетелдермен стратегиялық тең тұрғыда халықаралық байланыс орнату, еліміздегі ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімді сақтау, халқымыздың әлем­дік бәсекелестікке қабілетті ұлт болуы сияқты өмірлік маңызы аса зор мақсаттар мен міндеттер алға тартылып келеді екен.

Ал Елбасы өзінің биылғы Жол­дауын­да: «Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық. Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді», – деп атап көрсетуіне негіз боларлық жақсы жайлардың, ұтымды да орайлы істердің негізі Қазақстанда алдын-ала ойластырылғандығын айтуға тиістіміз. Бұл Елбасының өзінің әр Жол­дауында Қазақстанның әлеуметтік-эконо­микалық дамуы мен ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі әрі басты бағыттарын айқындап отырар тарихи ерекшелігі мен маңызы бар екендігін көрсетеді.

Біздің осы ойымызға арқау боларлық жайлардың Елбасының «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты осы Жол­дауында тағы да айқын айтылып отыр. Бұл жолғы Жолдаудың бір ерекшелігі мен маңыздылығы сол, қазақстандықтардың табысының өсуі мен тұрмыс сапасының жақсаруына айырықша көңіл бөлініп отырғаны деп санаймыз.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс. Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын», – деп Елбасы қазақстандықтардың табысты болуы мен тұрмыс деңгейін көтеруге басты басымдық беріп отыр. Әрине, еңбек ету арқылы әркімнің өз әл-ауқатын жақсартып, тұрмысын түзеу­леріне барлық жағдай бар әрі жасалып та жатыр. Елбасы осы орайда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мың­нан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл оң жағдай барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіп­орын­дарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамды қамтыса, бюджеттік са­ла­ның 275 мың қызметкерінің ең­бек­ақысы орта есеппен 35 пайызға өс­келі отыр. Бұған 2019-2021 жылдарда рес­пуб­ликалық бюджеттен жыл сайын 96 мил­лиард теңге бөлініп тұратын болады. Енді әркімнің өз табысы өздерінің де өсе түсулеріне тағы да барлық жағдай­лар қа­рас­тырылып отыр. 

Елбасы Жолдауының екінші негізгі мәселесі қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру болса, бұл бағытта да көңілден шығатын қағидаттар аталды. Қазіргі уақытта қазақстандықтарды білім беру, денсаулық сақтау салалар, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері алаңдатып та, ойландырып та отыр. Елбасы өз отандастарының қазір­­гі көңіл-күйлерін дөп басып, әрбір қазақ­­стан­дық отбасына қатысты жайларды шешуді тапсырды. Алдағы уақытта Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюд­жет шығыстарының басымдықтарын қай­та қарайтын болады. Тағы да алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақ­тау салаларына барлық көздерден жұм­­са­­латын қаражатты ішкі жалпы өнім­нің 10 пайызына дейін жеткізу тапсырма­сы берілді. Бұл қазақстандық білім мен ғы­лым­­ның одан әрі жаңа сапалық деңгей­де дами түсуіне үлкен жол аша түсетін болады.

Қоғамда айтылып келе жатқан мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту қажеттілігіне Елбасы тағы да жаңа әрі тың бағыттар берді. «Білім беру ісінде «4К» моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет, дей келіп, Елбасы Білім және ғылым ми­нистрлігі әкімдіктермен бірлесіп, тиіс­ті «Жол картасын» биылдың өзінде әзір­леуді тапсырды. Және де «Педагог мәр­те­бесі туралы» заң әзірлеп, оны қа­был­дау қажеттілігі де алға тартылды. Бұл заң арқылы болашақта мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қыз­мет­керлері үшін барлық игіліктер қарас­ты­рылып, жүктемені азайту, мұғалімдерді түрлі тексерістер мен міндеттен тыс жөн-жосықсыз істерге қатыстыруға жол беріл­­мейтін болады. Қоғамдағы мұға­лім мәр­­тебесін көтеруге бағытталған заң­ның қабылданатындығы барлық білім сала­сының қызметкерлерін зор қуанышқа бөлеп отырғандығын да айтқан ләзім.

Ұлт саулығына қатысты аса маңызды әрі өзекті мәселе, қазақстандықтардың сапалы азық-түлікті пайдалану жайының Жолдауда көтерілуі де – болашақты ой­л­а­ған­дық. Жасыратыны несі бар, алыс және жақын шетелдерде шығарылып, Қазақ­стан базарларында сатылып жатқан кей тауарл­ардың, тіпті балалардың ойы­н­шық­тарына дейін адам өмірі мен денсау­лы­ғына қатерлі екендігі сан мәрте айты­лып, жазылып та жатқанымен, бұған тос­қа­уыл әзірге қойылмай отыр. Елбасы бұл жағдайға да байланысты Үкіметке шара­лар қабылдауды және осы жұмысты рет­ке келтіруді тапсырып, алдағы жылдан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапа­сын және қауіпсіздігін бақылау коми­теті өз жұмысын бастауға тиісті екендігін айтты.
Әр адам баласының алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету кез келген мем­ле­кет­­тің басты әрі абыройлы міндеті екен­­­дігі болса, осы Жолдауда бұл мәселе де ай­­тылды және де осыған орай қазақ­стан­­­дық­­тардың өмір сүруіне жайлы орта қалып­тас­тырудың нақтылы міндеттері де бел­гі­ленді. Бұл орайда Елбасы ең алдымен тұр­ғын үйдің қолжетімділігі, әр ауланың әдемі­лігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұ­мыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы­на да баса назар аударды. Сапалы әрі қол­же­тімді тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасын одан әрі жү­зеге асыра отырып, тұрғын үй ипо­те­ка­сы­ның қолжетімділігін арттыра­тын «7-20-25» бағдарламасы аясында жер­гі­лік­ті бюд­жет есебінен жеңілдетілген ипо­тека бойынша алғашқы жарнаны іші­нара суб­сидиялауды қолға алу үшін әкім­дерге нақ­ты тапсырмалар берілді. Бұл да хал­қы­мыздың өмір сүру сапасын жаңа дең­гей­ге көтереді деп нық сеніммен айтуға болады.

Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Әрине, орынды. Прези­дент қашан болсын жастарға үлкен сенім артып, қолдап келе жатқаны да бар. Мұны осы жолы да анық тани түстік. Алай­да, алдағы Жастар жылын құр даңға­за­лық­қа айналдырып алмауға да тиістіміз. Жастар жылында жастардың ең әуелі өз ата-анасы мен Отаны алдындағы, үлкен мен кішінің, өз елі мен жері, өз тілі мен өз салт дәстүрі алдындағы, ел бір­лігі үшін жауапкершіліктерін сезіне түсулеріне және соны білетіндей тәрбие бесігінен өтуге тиісті ғой деп ойлаймыз.

Әр жүректі жылытатын және де жаны­ңа ыстық ауыл жайлы да айтылуы және де ауылдық жерлердің әлеуметтік орта­сын жаңғырту, ол үшін арнайы «Ауыл – ел бесігі» жобасын жасап, іске қосу­дың да маңыздылығын Елбасы өз Жол­дауында тегіннен айтпаса керек. Біз ендігі арада осы заманғы технология мен цифр­ландыру негізінде мал өсіріп, егін салып, сапалы өнім өндіріп, осы заманғы үйлерде тұратын, осы заманғы білім мен тәрбие, демалыс ошақтары бар тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпаттағы және жаңа үлгідегі ауылдарды қалыптастыру мен жасауды қолға алуға тиістіміз.
Қорыта айтқанда, біз бай да бақуатты және алаңсыз өмір сүрудің жаңа кезеңін бас­та­ғалы отырмыз. Бұл құр сөз емес. Елба­сы­ның Жолдауында айтылып, ел игі­лігі үшін алдағы уақытта жасала­тын істерді толыққанды жүзеге асыру үшін Жолдауда атап көрсетілгендей, «Әрбір қазақ­стандық жүргізіліп жатқан рефор­малардың мәнін және олардың Ота­ны­мызды өркендету жолындағы маңы­зын жете түсінуге тиіс».Осы бір аталы сөз­дің астары мен қапталында біздің әр­қай­сы­мыздың мемлекет пен қоғам алдын­дағы жауапкершілігіміз бар екен­дігін ұғына білгеніміз абзал. 

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, 

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

КӨКШЕТАУ