Қазақстан • 10 Тамыз, 2018

Өз ісіңе адалдық – өз еліңе деген құрмет

527 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға жиырма жеті жыл толды. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында  құқықтық заңнамалар нәтежесін бере бастады.  Ел экономикасы мен әлеуметтік жағдай түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан орын алуға мақсат қоюдамыз.

Өз ісіңе адалдық – өз еліңе деген құрмет

Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес оң өзгерістерге бастау болды.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық ел азаматтарының абыройлы борышы деп білемін.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінде жойылмай отырған кеселдің бірі.  Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтқан кесел. Заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік мекеме, ұйымдардың, кәсіпкерлердің, азаматтардың адал қызметіне қауіпті болдырмау халықтың өз қолында. Бұл алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу қажеттігінде. Ол үшін баршамыз  атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық қоғамды ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да  негізгі басымдылықтарының бірі  осы зұлымдықпен әрдайым күресу болып табылады.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі бәрімізге айқын.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу жұртшылықтың  ісі. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауына әрекет жасау парыз. Өз ісіңе адалдық– елімізге  деген  құрмет.

Қ. Есентаев,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының

Баспа бөлімінің бас редакторы