Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңақорған ауданында «Шалқия Цинк» АҚ мен «Стройсервис СК» ЖШС қызметкерлеріне арналған 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

- Бүгінгі күні баспана елдегі ең өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Дегенмен, өңірде баспана мәселесін шешудің оңтайлы жолдары қарастырылып, түрлі байыпты бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асуда. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыста арнайы «Орда» тұрғынүй құрылысының «Жол картасы» әзірленіп, облыстық бюджеттен жыл сайын қажетті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Оны іске асыруға 3,5 млрд. теңге қарастырылды. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін апатты үйлер мен жатақханаларда тұрған тұрғындар пайдаланып үлгерді Осылайша, «Орда» бағдарламасы Елбасы бастамасының жүзеге асуының нақты көрінісі, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Пәтерге қолы жеткен Жаңақорған ауданының тұрғындары облыс әкімдігіне алғыстарын білдірді.

- Ең алдымен Мемлекет басшысы мен облыс әкімдігіне үлкен алғысымды білдіремін. Жеке тұрғын үй алу кез келген адам үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Бұған дейін біз ата-анамызбен бірге тұрдық, бүгін жаңа екі бөлмелі барлық жағдайы жасалған жайлы пәтерге ие болып отырмыз, - деді «Шалқия Цинк» АҚ қызметкері Руслан Еңсегенов.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы