Аймақтар • 21 Қараша, 2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте өткен денсаулық акциясында қала тұрғындары терапевт, эндокринолог, кардиолог, педиатр, офтальмолог және жалпы практика дәрігерлерінен тегін медициналық кеңес алды. Ақ халаттылардың көмегіне жүгінген 200-ге жуық қала тұрғынының 169-ы кіші лабораториялық тексеруден өтті.

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен ұйымдастырған акциясында Шымкент жоғары медицина колледжінің студенттері әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді. Болашақ дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын дұрыс жүргізуге үйретіп, зардап шегушілерге қандай көмек көрсету керектігін көрсетті.

Сондай-ақ, аталған акция барысында қала тұрғындарына тегін кепілдендірілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмектің түрлері және медициналық сақтандыруды ендірудің маңыздылығы туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Әрбір адамның назарын салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыруға, тұрғындардың өз денсаулығын сақтауға шақырған шара алдағы уақытта да жалғасын табады», дейді сала мамандары.  

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»

Шымкент