Ашық деректер панелі жарнама берушілерге қазақстандық медиа жайлы ең сенімді деректерді алуға мүмкіндік береді. Оның басты мақсаты – кең жұртшылыққа онлайн аналитиканың нақты деректерімен бөлісуге дайын қатысушылар арқылы ашық нарықты құруға мүмкіндік жасау.
Қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған XI республикалық «Media Құрылтай 2018» конференциясы аясында баяқаудан өткен 25 БАҚ-тың Chartbeat өкілдерімен жабық кездесуі өтті. Кездесу кезінде Chartbeat компаниясының клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі маманы Джейкоб Андерсон қатысушыларға жетекші аналитикалық компанияның онлайн-метрикаларының артықшылықтары және отандық БАҚ-пен бірлескен жоба жайлы айтып берді.
Байқау қатысушылары Chartbeat компаниясымен келісімшартқа қол қойып, кең жұртшылыққа көрсетілетін бес өлшемді таңдады, олар – сайттағы беттерді қарау саны (page view), бірегей қолданушылар саны (concurrents), трафик көзі (traffic source), гео-деректер (location) және сайтта болу уақыты (engaged time). Енді жобаның келесі кезеңі аясында Ортақ панель құрылып, ол 2019 жылдың бірінші тоқсанында онлайнда жұмыс жасап бастамақ.