«Ақтөбе» футбол клубының электронды саудасы үш рет өткізілген. 2018 жылы 20 қарашада өткен сауда-саттықтың нәтижесі бойынша Смақов Самат Кабирұлы жеңімпаз атанды. Айта кету керек, ол үшінші сауда-саттықтың жалғыз қатысушысы болатын.
Клуб сенімді басқармаға кейін сатып алу құқығымен жеті жылға берілді. Келісім 108 млн теңгені құрады.
Келісімнің шарты клуб қызметінің профилі мен әрекет етуші қызметкерлер құрамының кем дегенде 75 пайызын сақтау болып табылады және кепілге беруге, соның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікке қатысты басқа да әрекеттерге тыйым салынады.
Бұдан басқа, жаңа қожайын клубтың Премьер-Лиганың клубтарға қоятын тәртіптеріне сәйкес барлық міндетті турнирлер мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуімен қатар, балалар футболын, соның ішінде облыс аудандарында да аталған спорт түрін дамытуы керек.
Жекешелендіру менеджемент сапасы мен клубты басқару тиімділігін көтеруге, бюджетке түсетін салмақты төмендетуге, жеке инвестицияларды тартуға, сонымен қатар, өңірдегі футбол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»