Қысқы спорт • 22 Қараша, 2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында Хорватияның Загреб және Эстонияның Таллин қалаларында мәнерлеп сырғанаудан екі бірдей халықаралық турнирдің жалауы желбірейді.

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

Алғашқы сынақ 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Загребте ұйымдастырылады. Балтық жағалауындағы жарыстың жекелеген сайысында Айза Имамбек, Артур Панихин және Никита Манько өнер көрсетеді. Осы үштіктің арасынан жанкүйерлер Айзаны жақсы біледі. 19 жастағы алматылық ару былтыр қысқы Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиадада және биылғы жылы Ақ Олимпиадада бақ сынап, үлкен тәжірибе мектебінен өтті. Артур мен Никита да бірқатар жауапты жарыстарда өздерін жақсы қырынан көрсеткен спортшылар. Сондай-ақ, Таллинде біз Жансая Әдіханова-Әбіш Байқанов жұбының өнерін тамашалаймыз.

Эстонияның астанасындағы жарыс аяқталған бетте жерлестеріміз бірден Хорватияға сапар шегеді. 4 желтоқсанда тұсауы кесілетін бұл турнирде де әлемнің әр қиырынан келетін бірқатар белді мәнерлеп сырғанаушылар қатысады деп күтілуде.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»