
Еліміздегі және әлемдегі саяси ахуалдардың сеңдей соғысқан ақпараттарының түбіне жетіп, түгел айтып осы уақытқа дейін жеткен бүгінгі «Egemen Qazaqstan» газетіндегі және бір жаңа табыс – ұлттық әдебиет пен өнерді насихаттаудың бұрындары болмаған өзгеше өрнегі. Осыдан барып ол зиялы басылымға айналды. Оны жаздырып алып, оқу саяси-әлеуметтік таныммен бір мезгілде рухани жаңғыру болып шығады. Сондықтан ғасырлық тарихы бар бас басылымға жаппай жазылайық!
Несіпбек ДӘУІТАЙҰЛЫ,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жамбыл облысы