Алматыда екі спорт мектебі ашылды
Алматыда екі бірдей мамандандырылған спорт мектебі есігін ашты. Оңтүстік астана осы уақытқа дейін еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда спортқа баулитын орындарға кенде емес сияқты көрінетін. Алайда, бұл күнде Алматының аумағы да, адамы да өсіп келеді. Қаланың кейінгі жылдары бой көтерген шағын аудандарында осы жоқтың орны көрініп тұратын.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов жаңадан салынып біткен спорт нысандарында болды. Ашылып отырған спорт мекемелері – №9 балалар мен жасөспірімдердің және Әуезов ауданындағы жоғары спорттық шеберліктің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептері.

Республикадағы №9 балалар мен жасөспірімдердің жалғыз олимпиадалық резерв мектебі осыдан 40 жыл бұрын салынған екен. Мектепте 900 жас спортшы-гимнасшылар білім алуда. 2011 жылы жаңа спорт залын, жатақханасы бар мектептің әкімшілік қызмет орнын қайта салу үшін қала бюджетінен 500 миллион теңге бөлінген болатын.
Бүгінгі таңда бұл нысанның жалпы аумағы – 4 156 шаршы метр. Мектеп бірден 1500 оқушыны қабылдай алады. Ол дәл осы күндері Бангкокте өтетін Азия чемпионатына республикамыздың әр түкпірінен келген жас спортшыларды тәрбиелеу үстінде. Айтқандай, осы №9 арнайы спорт мектебінің оқушысы Степан Горбачев 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған.
Аталған мамандандырылған мектеп Қазақстанның ұлттық құрамасына кадрлар дайындайды. Мұнда спортшылар қысқы спорттың 4 түрінен (шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру) және жеке сайыстың 13 түрінен (қылыштасу, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, дзюдо, бокс, т.б.) дәріс алады. Мектептің спортшылар резервін дайындайтын оқу-жаттығу базасы да талапқа сай жабдықталған.
Қазіргі кезде мектеп активінде 2012 жылғы Олимпия ойындарына қатысу үшін 7 лицензия бар, олар ауыр атлетика, жеңіл атлетика, қыздар арасындағы еркін күрес, дзюдо.
Сонымен, ілгеріде іргетасы көтеріліп, замана сұранысымен спорт мектептеріне айналған мекемелерге қала әкімі арнайы келіп, жеткіншектердің жарыстарға дайындығын көрді. Балалармен дидарласты.
– Мұнда болашақ чемпиондар, Олимпия ойындарының чемпиондары даярлануда, біз еліміздің әр түкпірінен келген дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, ойдағыдай дайындықтардан өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Бұдан былай сендер бізді спорттағы ең жоғары көрсеткіштермен, биік спорттық жетістіктермен қуантыңдар! – деді Ахметжан Есімов жас спортшыларға арнаған сөзінде.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.