Қазақстан • 23 Қараша, 2018

«Шығыс» өңірдің жас сарбаздары психологиялық түрлі тренингтен өтті

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Психологиялық тұрақтылық пен жауынгерлердің әскери белсенділігін қамтамасыз ету – жеке құраммен жұмыс істеу кезіндегі психолог маманның негізгі міндеттерінің бірі. Мұндай жұмыстың бір түрі психологиялық тренинг.

«Шығыс» өңірдің жас сарбаздары психологиялық түрлі тренингтен өтті

- Ұстамдылық пен төзімділікті сақтау, сондай-ақ командада жұмыс істеу мүмкіндігін жоғарылату үшін, сонымен қатар әскери қызметшілердің  мықты рухын сақтап қалу мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөлімінің психологтары тұрақты негізде мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқан сарбаздармен психологиялық жаттығулар өткізуде,-деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының аға сержанты Меруерт Құрманғажина,-ең аз шығынмен жауынгерлік миссияны тиімді орындау әскерлердің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі жауынгерлік белсенділік үлкен физикалық және психикалық стресстермен байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Осындай тренингтер өткізгеннен кейін, сарбаздардың эмоционалдық, моральдық және психологиялық күйі жақсарып, әскери қызметке жылдам бейімделеді екен.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ

СЕМЕЙ