Бокс • 25 Қараша, 2018

Данияр Елеусінов кезекті жеңісі туралы пікір білдірді

129 реткөрсетілді

Данияр Елеусінов Монте-Карлодағы  бокс кешінде никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутқа түсірген жеңісі туралы пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Өте жақсы өнер көрсете алғаныма қуаныштымын. Джон Дэвид Джексонның қоластында шеберлігім арта түскенін байқап жүрмін. Барша командама және Эдди Хирнге рахмет! Мен дер кезінде соққы жасай алатыныма сенемін. Монте-Карлодағы жекпе-жекті өз басым тамаша өткіздім деп ойлаймын. Бұл үлкен шоу, жаңа деңгей», деді Д.Елеусінов.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов үшін бүгінгі жеңісі кәсіпқой мансабындағы үшінші нокаут болды. Бұған дейін екі америкалықты нокаутпен жеңген болатын. Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ тізе бүктірді.

 


 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар