08 Наурыз, 2012

Айы оңынан туған «Ордабасы»

250 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Айы оңынан туған «Ордабасы»

Сейсенбі күні Астанада биылғы футбол маусы­мы­ның беташар ойыны өтті. Бұл Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен ұтып, осымен бесінші рет өткізілген бәйгенің жеңім­пазы атанды.

Сөйтіп, көптен бері Супер­ку­бокқа қол созым жерде тұ­рып, оған жете алмай келген шым­кенттік ұжым Астана тө­рі­нен Қазақстан футболының ең ба­ға­лы трофейлерінің бірін әкетті.

 

Сейсенбі күні Астанада биылғы футбол маусы­мы­ның беташар ойыны өтті. Бұл Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен ұтып, осымен бесінші рет өткізілген бәйгенің жеңім­пазы атанды.

Сөйтіп, көптен бері Супер­ку­бокқа қол созым жерде тұ­рып, оған жете алмай келген шым­кенттік ұжым Астана тө­рі­нен Қазақстан футболының ең ба­ға­лы трофейлерінің бірін әкетті.

Осы кездесуде екі команда да сауатты ойын өрнегін көр­сет­ті. Дегенмен, матчтың бі­рін­ші жартысында «Шахтер» үс­темдік құрып, қарсыластар қақ­пасына бірнеше мәрте доп со­ғуға мүмкіндігі болды. Оның ең біріншісін команда капитаны Андрей Финонченко жіберіп ал­ды. Ол матчтың 3-ші минө­тін­де қорғаушы Никола Василе­вич­тің әдемі шығарған пасын небәрі үш метрден қақпаға соға алмады. Осы жағдай «Ордаба­сы­ға» сабақ болып, олар енді қақпаны тасқамалдай қорғауға көшті.

Ойынның бірінші таймында «Шахтердің» сапында Жамбыл Көкеев бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастыруға талпынға­ны­мен, онысынан ештеңе шықпа­ды. Өйткені, оған көмекке еш­кім келмеді. Ал жаңағы 100 пайыздық мүмкіндікті жіберіп алған Финонченко болса, ойын соңына дейін басын төмен тү­сіріп, түк бітірмей кетті.

Осы жерде бар кінәні «Шах­тердің» шабуылшыларына артпай, «Ордабасыдағы» Мвесигва, Қожабаев сияқты қорғау­шы­лардың сауатты ойын өрнегін көрсеткенін атап өткеніміз жөн. Айтқандай, Эндрю Мвесигва – Уганда ұлттық құрамасының қорғаушысы. Ол Оңтүстіктің командасында биыл екінші маусымын өткізетін болады.

Кездесуде одан басқа «Ордабасы» сапында Африкадан келген тағы екі ойыншы өнер көр­сетті. Оның біреуі – сенегалдық Мансур Гуйе. Ол матчтың 80-ші минөтінде Роман Пахолюкті алмастырды. Екіншісі – тунис­тік Мұхаммед Арури. Ол бүкіл матч бойы жартылай қорға­ныс­та сауатты ойнап шықты.

Сонымен бірге, шымкенттік командада Алмат Бекбаев (қақ­па­шы), Бақдәулет Қожабаев, Фархадбек Ирисметов, сербия­лық легионер Александр Трайкович, Андрей Карпович, Қай­рат Әшірбеков, Дәуренбек Тә­жім­бетов пен Бекзат Бейсенов­тің алаңда өздерін жақсы қы­ры­нан көрсеткендерін атап өтк­ен жөн. Осылардың ішінде Қайрат Әшірбеков ойынның 58-ші ми­нөтінде екі қорғаушының арасынан суырылып шығып, Александр Мокин қақпасының сол жақ бұрышын дәл көздеді. Сөйтіп, ол матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.

Бұл жерде Артем Касья­нов­тың еңбегін ерекше айтуға болады. Оның Қайрат Әшірбеков­ке шығарған керемет пасын әлі талай жанкүйердің айта жү­ре­тіні сөзсіз. Осы гол «Шахтер­дің» намысын ойнатып, қалған уақытта қарсыластар қақпасына барынша қауіпті жағдай жасау­ға мәж­­бүр­лесе де, одан ештеңе шықпады.

Команда бапкері Виктор Кумыков шаршап-шалдыққандар­дың орнына тың ойыншыларды шығара бастады. Алдымен Вадим Боровский кетті. Одан кей­ін Мақсат Байжанов колумбия­лық легионер Роджер Каньянсты алмастырды. Бірақ «Шахтер» тө­ре­­шінің ысқырығына дей­ін «Ор­да­басының» қорғаны­сын бұза алмады. Осылайша «Ордабасы» Қазақстанның Су­пер­кубогын же­­ңіп алған бесін­ші команда бо­лды.

Бұған дейін хабарлан­ғанын­дай, «Ордабасыға» Суперкубокты Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың өзі табыс етті.

Осы кезге дейін Қазақстан Суперкубогын 1995 жылы «Елім-Ай» (Семей), 2008 және 2010 жылдары «Ақтөбе (Ақтө­бе), 2011 жылы «Локомотив» (Астана) ко­­­­мандалары иеленген болатын.

Дастан КЕНЖАЛИН.