28 Наурыз, 2012

Соңғы қардағы шаңғы ізі

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы қардағы шаңғы ізі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ӘОСК-нің Щучьедегі оқу-дайындық орталығында шаңғымен бағдарлау бойынша әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Аталған дода 2013 жылы наурыз айының 3-11-і аралығында Риддер қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық шеңберінде ұйымдастырылды.

Жарысқа Болгария, Италия, Қазақстан, Қыр­ғызстан, Норвегия, Ресей, Румыния, АҚШ, Финляндия, Швеция, Швейцария, Эстония сияқты 12 елдің мықты спортшылары мен Бағдарлау спорты ха­лық­аралық федерациясының өкілдері ретінде IOF Консулы Мария Витта Сильва мен Италия бағ­дарлау фе­де­рациясының президенті Серджио Грифони қатысты.

Қазақстандық спортшылардың соңғы екі жылдағы нәтижелері айтарлықтай жоғары. Отан­дастары­мыздың өз елінде өткізіліп отырған әлем кубогында жоғары нәтиже күткені жасырын емес. Бұл жолы команда құрамында әлемге танымал спортшылар болды. Олар – өткен жылдардағы әлем кубогының, әлем чемпионатының, Қысқы Азия ойындарының және Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен чемпиондары Ольга Новикова, Михаил Сорокин, Эльмира Молдашева, Аслан Тоқбаев, Виталий Лиличенко, Денис Власов. Бұл тізімге болашағы бар жас спортшылар Дарья Корнева, Әсем Назырова, Иван Неклюдов, Дмитрий Адамовичті де қосуға болады.

Жарыстың бірінші күні спринт қашықтығы бойын­ша Ольга Новикова алтын медаль иеленсе, ерлер командасының көшбасшысы 40 бағ­дар­лаушының арасынан 8-орынды бағындырды.

Қалған күндері де біздің жігіттер өз шебер­ліктерін танытты.

Қазіргі таңда спорттық бағдарлау Алматы, Астана қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында дұрыс жолға қойылған.