Қазақстан • 27 Қараша, 2018

Өскеменде күніне 212 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылды

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Күленов кентінде отбасылық емхана ашылды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында есігін айқара ашқан медицина мекемесінің ашылу салтанатына рәсіміне облыс әкімі Даниал Ахметов қатысып, кент тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.

Өскеменде күніне 212 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылды

Енді кент тұрғындары Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы Солжағалаулық емханаға сабылмай, осы жерде ем қабылдайтын болады. Денсаулық нысаны Күленов ауданы мен сол жағалаудың 12 мың тұрғынына, нақытрақ айтсақ, күніне 212 адамға қызмет көрсетпек.

«Елбасымыз денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөледі. Осы орайда біз мереке қарсаңында облыс орталығында жаңартылған емхана ашып отырмыз. Бұл ғимарат көп уақыттан бері бос тұрған еді. Біз оны бір жарым жылдың ішінде қалыпқа келтірдік», деді Даниал Ахметов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Шорановтың айтуынша, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартуға бюджеттен 500 миллион теңгеден астам, медициналық құрылғылар алуға 301,7 млн. теңге қаражат жұмсалыпты.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН