Медицина • 28 Қараша, 2018

Тегін препараттар туралы ақпарат қолжетімді

87 реткөрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында  Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. 

«Бүгінде екі үлкен тендердің қорытындысы шығарылып, отандық өндірушілермен шарттар жасалды, шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі сәтте 2019 жылы дәрімен қамтамасыз етуге  дәрі-дәрмектердің жалпы санынан 83%-ы сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына сатып алынған препараттарды жеткізу желтоқсан айының басында басталады, ал 2019 жылдың басынан бастап олар медициналық ұйымдарға жөнелтілетін болады. 2019 жылға тегін дәрімен қамтамасыз етуге сатып алынатын дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне 1144 позиция кірді. Келер жылы қазақстандық фармзауыттар шамамен 50 млрд теңгеге 494 атауды жеткізетін болады. Бұл  жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, онкология, АИТВ және басқа аурулары бар емделушілерді амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету үшін қажет дәрі-дәрмектер. Медициналық ұйымдардан алдын ала 203,5 млрд теңгеге тізім бойынша өтінімдер келіп түскен. Биыл диспансерлік есепте 45 ауру бойынша тіркелген науқастарды амбулаториялық емдеу үшін 550-ден астам дәрі-дәрмектердің атаулары анықталған. Ал ағымдағы жылы амбулаториялық дәрімен қамтамасыз етуге 482 атау сатып алынған. Қазақстанда тіркелген баламасы жоқ дәрілік заттардың 106 атауы шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алынады. Медициналық ұйымдар бұл препараттарға 43 млрд теңге сомаға алдын ала өтінімдер берді. 2019 жылы ЮНИСЕФ және БҰҰДБ халықаралық ұйымдары арқылы 8,7 млрд теңге сомаға дәрілік заттың 25 атауын сатып алу жоспарланып отыр. Сатып алу қорытындысы бойынша қазіргі кезеңде 16 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. 2018 жылы үнемдеу есебінен босатылған қаражат дәрілердің анықталған тапшылығын жабуға бағытталған», деді Л.Бюрабекова.

«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп өз сөзінде бірыңғай дистрибьютор өз жұмысында халықпен өзара іс-қимылға көп көңіл бөлетінін атап өтті. 

«Қазір компанияда халықты тегін дәрілермен қамтама­сыз ету  мәселелері бойынша 1439  байланыс орталығы іске қосылды. Науқастар Қазақстанның барлық өңірінен 1439 нөміріне кез келген қалалық телефоннан тегін қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық емдеуді ала алатын пациенттер үшін тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізудің мерзімдері, көлемдері және жоспарланған мерзімі туралы ақпаратты береді», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар