29 Наурыз, 2012

Алып арена

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алып арена

Бүгін дүние жүзі бойынша алып спорт ареналарының бірі саналатын Лондон қаласындағы Олимпиялық стадионның құрылысының біт­кеніне бір жыл толады.

Дәл осы күні, 2011 жылы оның ашылу салтанаты өтіп, оған Олимпиаданы ұйым­дастыру комитетінің төрағасы Себастьян Коу, Ұлыбританияның Олимпия ойындары істері жөніндегі министрі Тесса Джоуэлл сияқты лауазым иелері қатысып, стадионға ақ баталарын берген болатын. Содан бері ол қайта күрделі жөндеуден өткен атақты «Уэмбли», «Арсенал» футбол клубының Emirates stadium және Твикенхэмдегі регби стадионы сияқты Тұманды Альбион халқы­ның бүкіл әлемге мақтана алатын спорт ареналарының бірі болып келеді.

Жаңа стадион Лондонның Стратфорд ауданында орналасқан. Оны салу үшін сол жерде тұрған 33 ғимарат бұзылып, 800 000 тонна құм төселген екен. Ал стадионның құрылысы 2008 жылдың мамыр айында бас­талып, 3 жылдан кейін біткен. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті 3 жылға жетер-жетпес уақытта салынған стадионның құ­ры­лысына әлі күнге дейін өздері таңданыс­тарын жасырмайды екен.

Стадионның құрылысына жұмсалған қар­­­жыға келсек, ол 270 млн. фунт стерлинг немесе 836 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылысқа барлығы 5 000-нан астам адам қатысқан. Ал спорт аренасының өзі 80 000 адамға арналған. Бұл жерде футбол, жеңіл атлетика мен басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Ең бастысы, стадионда биылғы Олимпия ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтеді.