Қазақстан • 28 Қараша, 2018

Барымызды бағамдау маңызды - Рафаэль Ниязбеков

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің дамуымыздың ең бас­ты белестерінің бірі болған «Рухани жаңғыру» бағдар­лама­сының жалғасы «Ұлы да­ла­ның жеті қыры» мақа­ласы­ның жариялануы және бұл бастаманың жалпы­халық­тық сипатта қолдау табуы, жарқын болашаққа қадам бас­қан қазақстандықтар үшін айтулы оқиғалардың бірі бол­мақ.

Барымызды бағамдау маңызды - Рафаэль Ниязбеков

Себебі төл тари­хымызға қайта үңілу, оны байыппен зерттеп-зерделеу, ұлттық болмысымызды қайта жаңғырту, ежелгі мәдениетімізді қайта қарау, барымызды бағам­дап, жоғымызды түгендеу – мемлекетіміздің жан-жақты дамыған әлемнің озық елдерімен тең дәрежеде қатар тұруына мүмкіндік береді. 

Қазақ даласы – тарихта қал­ған ұлылардың алтын бесігі бол­ған қасиетті мекен. Ұлы дала та­лай ұлыларды дүниеге әкел­ге­нін біз жақсы білеміз. Ел­ба­сы­­ның «Ұлы даланың ұлы есім­дері» атты оқу-ағарту энци­к­ло­пе­дия­лық саябағын ашу идея­сы ғиб­­ратты ғұмырымен есте қал­­ған тұл­ға­ларымыз­ға көр­­се­тіл­ген зор құрмет деп біле­­мін. «Ұлы Дала тұлғалары» ат­ты ғыл­ы­ми-көпшілік серия­лар­ды шы­ғару ұлылардан қалған ұлағатты насихаттау мен өскелең ұрпақтың санасына сіңіру жолында жасалған үлкен еңбек болатыны анық. 

Біздің болашағымыз жастар десек, бұл мақалада көрсе­тіл­ген тың идеялар мен баста­ма­лар жастардың өсуі мен шығар­ма­шы­лық дамуы жолында ма­ңызды рөл атқаратын фактор болмақ. Осы мазмұны бай тұ­жы­рымдамада көрсетілген тілек­терге сай жас­тарымыз белсенді ең­бек етіп, қызмет жасаса, талай шың­дарға жетіп, талай асуларды ба­ғын­дыратынына кәміл сенімдімін.

Рафаэль НИЯЗБЕКОВ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері