Аймақтар • 28 Қараша, 2018

Биыл Маңғыстауға 220 мың турист келген

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысына келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Аймаққа биыл 220 мың саяхатшы келіпті.

Биыл Маңғыстауға 220 мың турист келген

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Ө.Бисақаевтың айтуынша, 2017 жылы Маңғыстау облысына 205 904 турист келген. Бұл 2016 жылға қарағанда 7 процентке өскендігін көрсетеді. 205 904 саяхаттаушының 177 178-і ел азаматтары яғни ішкі туризмді құрайды. Ал, 280 726 адам шетелден келген.

Ал, 2020 жылға дейін аймаққа ат басын тірейтін қонақтардың саны 400 мыңға дейін өседі, 2025 жылға дейі бұл көрсеткіш 700 мыңнан асатын болады.

- Осыған байланысты 7-8 мың орынды құрайтын қонақ үйлер салынатын болады. Қазіргі таңда облыста 82 қонақүй бар, оның ішінде «3-4-5 жұлдызды» санатымен 16 қонақ үй жұмыс істеп тұр, деді басқарма басшысы. Қонақ үйлер мен басқа да туристік нысандардың құрылысын салуға қажетті инвестицияны қамтамасыз үшін 5 жылға арналған жоспар құрылып жатыр. Жергілікті билік Каспий жағалауы бойымен Ақтау қаласынан Құрық портына дейін жағажай туризмін дамытпақшы. Аумақтың ұзындығы 63 шақырым. Жасалып жатқан туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасына жетіспейтін электр қуатымен, сумен, газбен қамту, сонымен қатар қолданыстағы жолды төрт жолаққа дейін кеңейту құрылыстары бойынша жобалар енгізілді. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 27 миллиард теңге қаражат бағыттау жоспарлануда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50