Қазақстан • 28 Қараша, 2018

Еліміздің Батыс аймағына шақырылған жас сарбаздар тұнғыш рет ұрыс қаруынан оқ атты

603 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарулы Күштерімізде қалыптасқан дәстүрге сәйкес әскери бөлімдердегі жас толысымдағы сарбаздардың дайындығы атыс қаруынан атыс жаттығуларын орындаумен аяқталады, бұл құбылыс әскерилердің арасында «күкірт иіскету» деп те аталады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық жас сарбаздары аталмыш межеден толық құрамда сүрінбей өтті.

Еліміздің Батыс аймағына шақырылған жас сарбаздар тұнғыш рет ұрыс қаруынан оқ атты

Ақтау, Бейнеу және Атырау елді мекендерінде орналасқан 25744, 99116 және 41433 әскери бөлімдеріндегі жас толысымдағы сарбаздардың даярлығы жалғасуда. Осы жылдың күзінде шақырылған сарбаздар тұңғыш рет жауынгерлік атыстарын өткізді.

Осы тәжірибелік сабақтың алдында, барлық жас сарбаздармен атыс қаруының сипаттамасы, атыс ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелері қарастырылған теориялық курс өткізілген болатын. Осы күні олар АК-74 автоматынан бастапқы және бірінші оқу-атыс жаттығуларын орындады. 99116 әскери бөлімі жас сарбаздар ротасының командирі аға лейтенант Жандос Мырзахметтің айтуынша, алғаш рет өткізілген атыс қорытындысы күтпеген нәтижелерге толы болды. Үздік мергендердің бірі - 100 баллдан 95 балл жинаған қатардағы жауынгер Илья Шлыков.

 

- Автоматты алғаш рет қолға алған адам үшін бұл керемет  нәтиже. Біздің сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдауға әзір. Бүгінгі күні оларға әскери бөлімде барлық жағдай жасалған. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне Қазақстанның барлық аймақтарынан сарбаздар шақырылды және біз олардың істері мен сөздерінен үлкен қызығушылық, ал көздерінен ұшқынды көрудеміз, дейді рота командирі.

Сонымен қоса, барлау бөлімшелерінің сарбаздары ант қабылдаудың алдында жасанды белестерге толған, ұзақ арақашықтықтан тұратын «барлаушылар соқпағын» өтті. Тактикалық алаңда жеке құрамның жеңіл броньдік техникаға қарсы тұру қабілеттілігі мен психологиялық төзімділікті тексеретін жаттығу қабылданды. Әскерилер бұл нормативті «танкпен басып өту» деп те атайды. Бұл ретте, сарбаздар жертасаға кезекпен орналысып, броньдік техникадан жасырынуы, кейін үстерінен өткен техникаға граната лақтырып, жаудың тылына шабуыл жасауы тиіс.

- Алыстан қарағанды бұл өте әсерлі жауынгерлік ұрысқа ұқсайды, алайда бұл қарапайым ғана норматив. Жеке қауіпсіздіктері үшін сарбаздар танкіге қарсы оқу гранаталары мен бос патрондарды қолданады. Әр мүмкіндіктен соң, сарбазға жеке баға қойылады, дейді жас сарбаздар ротасының командирі капитан Диас Кенесбеков.

Жас сарбаздар әскери істі әскердегі бірінші күнінен бастап оқи бастайды. Командирлер мен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен, олар әскери техника мен қару-жарақты мамандықтарына сәйкес оқиды. Жас сарбаздардың даярлық бағдарламасында қоян-қолтық ұрысының бастапқы элементтерін меңгеру де қарастырылған. Осы аптада, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздары өздерінің дислокацияланған орындарында әскери ант қабылдау рәсіміне келтіріледі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы