Қазақстан • 29 Қараша, 2018

«АЛЖИР» мұражайы құнды экспозициялармен толықты

943 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені көрме залдарының жаңартылған экспозицияларымен өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

«АЛЖИР» мұражайы құнды экспозициялармен толықты

Мұражай қоры қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен берілген, сондай-ақ зерттеу іс-сапарлары барысында Қазақстан қалалары бойынша және ТМД елдеріненжиналған, бұрын қойылмаған бірегей жәдігерлерімен толықтырылды.Жаңа материалдардың ішінде: Шевченко Валентинаныңанасы «АЛЖИР» тұтқыны Мариам Анцистің сөзінен жасалған 1938-1946 жылдары лагерініңжоспары, «АЛЖИР» тұтқындарыМадина Айсаринаның, Рәзия Мендешеваның, Айша Қабылованың, Хадича Хакимованың, Нина Төреқұлованың, Кира Берсеньеваның, Роза Цыпкинаның, Сима Вайнштейнның, Ента Лихтенштейнның, София Зильбербергтің, София Несмеянованың, Евгения Опеньконың (Цой), Ирэна Столярскаяның және т.б. фотосуреттері ұсынылады.

«АЛЖИР» лагері тұтқындарының жеке заттары:Ғалия Гайсинаға тиесілі «Зингер» тігін машинасы, Мадина Айсаринаның жүннен тоқылған күртесі, 1946 жылы Мариам Анцистің альбомға жапсырылған «АЛЖИР» лагерінде жасалған кесте үлгілері, ХХ ғасырдың 30-40-шы жж. май шайқағыш және т. б. ерекше құндылықа ие.

Мұражайға келушілер өз бетінше «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары мен олардың отбасылары туралы ақпаратпен «АЛЖИР» залында орнатылған интернетке қосылған сенсорлық басқару панелі бар 3 мультимедиялық экран көмегімен таныса алады. Сонымен қатар, «АЛЖИР» залыдыбыстық сүйемелдеумен жабдықталған. Атап айтқанда, тігін цехында тігін машинасының жұмыс дыбысы, барак пен түрме камерасында әйел мен баланың жылаған дауыстарын қосу және өшіру автоматты датчигі бар.

«Бұл мұражай ерекеше, осында адам жанына бататын құжаттарды, суреттерді көруге болады. Жаңа экспозицияда Қазақстанның облыс орталықтарының мұрағаттарынан және ТМД елдерінің мұрағаттарынан жинап әкелінген заттар көрсетілген. Экспозицияның мақсаты – сол өткен кезеннің қиындығын қазіргі жастарға жеткізу және осындай өткен қиын кезен қайталанбасын», – деді Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина пресс-тур барысында.