Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2018

От шашқан көріністер

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрмеде өткен жылдың ең маңызды оқиғаларын бейнелеген үздік фотосуреттерді тамашалай аласыз.

От шашқан көріністер

Биылғы жылы қазылар ал­қасы 125 елден 4,5 мың фото­су­рет­шінің 73 мыңға жуық таң­даулы суретін ке­рім кө­ріністер ретінде бағалады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарына 42 адам кірді. Қазақстандықтар еліміздің тек төрт қаласында ғана, яғни Астана, Қарағанды, Алматы және Шымкентте фотожур­налистердің бүкіл әлем­нен жі­берілген ең үздік фото­сурет­терін көруге мүмкіндік алып отыр.

World Press Photo – 2018 – бұл фотожурналистика са­ла­сындағы ең беделді ха­лық­аралық байқау жеңім­паздарының көрмесі болып саналады. Кәсіби фо­то­суретшілерден және БАҚ фоторедакторларынан тұратын халықаралық тәуелсіз қазылар алқасы жыл сайын жер жүзінің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын фотожурналистердің, агенттіктердің, газет пен журналдардың үміткерлерінің жұмыстарын 9 түрлі санатта бағалайды.

Сондай-ақ World Press Photo халықаралық фотобай­қауы жеңімпаздарының көрмесі аясында Нидерланд корольдігінің елшісі 2018 жыл­дың 10 желтоқсанындағы Халықаралық адам құ­қы­ғы күніне орай әлеу­мет­тік маңызға ие тақы­рып­тар­ға арналған фото­суреттер онлайн-байқауын ұйым­дас­тырады. 

Астана мен Қарағандыдағы көрме аяқталды. Алматыдағы көрме 2 аптаға созылады. Қазақстанда көрме үшінші мәрте өткізілуде. Осыған дейін көрме Астана, Алматы, Қа­рағанды және Өскеменде 2013 және 2014 жылдары өткізілген болатын. 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, 

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ