Әлем • 11 Желтоқсан, 2018

2018 жылғы Нобель сыйлығының марапаттау рәсімі өтті

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 желтоқсан күні Нобель сыйлығының лауреаттары Осло мен Стокгольмдегі салтанатты рәсімде марапатталды. Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі дәстүрлі түрде Норвегия астанасында, ал басқа пәндердің лауреаттары Швецияның астанасында марапатталды.

2018 жылғы Нобель сыйлығының марапаттау рәсімі өтті

Америкалық Джеймс Аллисонға және жапондық Тасуку Хондзеге (физиология немесе медицина), америка және француз физигі Жерар Муруға, канадалық Донна Стрикландқа (физика) Швеция королі XVI Густав лауреаттық дипломдар мен медаль табыстады.

Физика бойынша үшінші лауреат атанған 96 жастағы америкалық Артур Эшкина Стокгольмге денсаулығына байланысты келе алмағандықтан награда баласы, профессор Майкл Эшкинге берілді.

Химия бойынша сыйлық америкалық Фрэнсис Арнольд және Джордж Смитке, сондай-ақ британдық Грегори Винтерге тапсырылды.

Экономика ғылымы жөніндегі Швед мемлекеттік банкінің марапатын АҚШ-та жұмыс істейтін профессор Уильям Нордхаус пен Поль Ромeр иеленді.

Нобель сыйлығының биылғы жылғы сомасы 9 миллион швед кронын (1 млн доллар) құрады. Стокгольмнің Концерт залында өткен салтанатты тапсыру рәсіміне мың жарым адам қатысты.