Оның мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы оң қарқын көрсетіп отыр. А. Евниев хабарлағандай, осы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артқан. Өсім негізінен мал шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген. Бұл саладағы өсім 3,9% құраса, өсімдік шаруашылығында ол 2,3% болған.
АШМ хабарлауынша, биыл гектарына 15,1 центнер түсімділікпен 22,8 млн тонна астық бастырылды.
Тірідей салмақтағы ет өндірісі – 4,3%-ға, сүт өндірісі – 3,3%-ға, жұмыртқа өндірісі –10,6%-ға өсті.
«Тамақ өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 1,7%-ға артты», — деп баяндады ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев, бірқатар өңірлерде тамақ өнімдері мен сусын өндірісінің төмендеуі байқалып отырғанын атап өтіп. Әкімдіктердің деректеріне сүйенсек, өндірістің бұлай төмендеу себептерінің бірі халықтың алкогольсіз сусындарға деген сұранысының азаюы болып отыр.