«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезінде екі елдің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру кезінде жеткен шынайы оң прогресс үшін қазақстандық тарапқа алғысымды білдіремін», - деді Элис Уэллс бүгін Астанада Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезектегі отырысына арналған брифингте.
Элис Уэллс атап өткендей, тараптар отырыс кезінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екіжылдық мүшелігін, сондай-ақ мүшелік аясында Қазақстанның жүргізген саясатын талқылады.
«Сондай-ақ, сіздер алдағы күндері атап өтетін Тәуелсіздік күніне орай Трамп мырзаның құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздерге мүмкін болған барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз», - деді ол.