27 Маусым, 2012

Соттың солқылдақ шешімі бір отбасын сергелдеңге салды

451 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Соттың солқылдақ шешімі бір отбасын сергелдеңге салды

Редакцияға келіп түскен төмендегі арызбен танысып шыққаннан кейін екіұдай ойда қалдық. Кейінгі кезде қоғамымызда мұндай жағдайлардың көбірек ұшырасатыны рас. Ағайын бола тұра, жаға жыртысуға бару, туысқан бола тұра, біріне-бірі жамандық келтіру, жекжат бола тұра бір-біріне алаяқтық жасау сияқты фактілердің тек бүгін ғана емес, кешегі күні де болғаны рас, осындай жағдай ертеңгі күні де жалғаса берсе, болашағымыз қандай болмақ?

«Ағайынның алаяқтығына тап болдым, соттың солқылдақ шешімі­нен зардап шектім» деп бар мұңы мен зарын қағазға түсірген Қосжано­ваның жа­­н­ай­қайы төмендегідей еді:

 

Редакцияға келіп түскен төмендегі арызбен танысып шыққаннан кейін екіұдай ойда қалдық. Кейінгі кезде қоғамымызда мұндай жағдайлардың көбірек ұшырасатыны рас. Ағайын бола тұра, жаға жыртысуға бару, туысқан бола тұра, біріне-бірі жамандық келтіру, жекжат бола тұра бір-біріне алаяқтық жасау сияқты фактілердің тек бүгін ғана емес, кешегі күні де болғаны рас, осындай жағдай ертеңгі күні де жалғаса берсе, болашағымыз қандай болмақ?

«Ағайынның алаяқтығына тап болдым, соттың солқылдақ шешімі­нен зардап шектім» деп бар мұңы мен зарын қағазға түсірген Қосжано­ваның жа­­н­ай­қайы төмендегідей еді:

«Біздің отбасымызға 2000 жылы 18 наурызда Алматы қаласы Әуезов ауданының Там­сан ішкі миграцияны қол­дау қоғамының шешімімен жер телімі берілген болатын. 2001 жылы сол жерге үй тұрғыздық. Кейін Әуе­зов ауданынан Алатау ауданы бөлін­ген кезде мекен-жайымыз «Әйге­рім-2» шағын ауданы Қожа­ханов көшесі №62 үй болып қайта тіркелді. Алматы қаласы әкімінің 2009 жыл­дың 20-­қазандағы шешімімен 0017012 нөмірлі Мемлекеттік жер актісін алдық. Бұл акті әділет бөлі­мінде тіркелді.

Жолдасым Дүрменов Ал­тынбектің науқастануына және балаларымның жас болуына байланысты болар қара­жат тап­шылығына ұшырадық. Сон­­дықтан үйімізге пәтерші жіберуге тура келді. 2005 жылдан бастап айына 20 мың теңге беру шартымен Ниязов Нұр­бол есімді азаматқа (күйеуім­нің туысы) жалға бердік. Ай сайын Ниязов Нұрбол қара­жатының жоқ екенін және уақ­тылы ақша төлей алмайтын жағдайын айтып, төлемақыны бөліп төлеп отырды. Ағайын болған соң жағдайына қарап, берген ақшасын алып отыр­дық. Ол пәтерақыны тө­леген кезде есебімізден жаңылыс­пау үшін ақша төлегені туралы қағазға қол қойып беріп жүр­дім. Пәтерде тұрған уақытын­да ол жер аламын деп қарызға 500 мың теңге сұраған еді. Бұл кезде біздің жағдайымыз тү­зеліп қалған болатын. Туыс болғаннан соң оған сұраған ақшасын қарызға бердім. Сон­дай-ақ Ниязов Нұрболға ком­мунал­дық төлемдерді уақтылы төлеу мақ­сатында сенім хат та беріп қойған болатынмын.

2010 жылы қыркүйек айында Ниязов Нұрбол Алатау аудандық сотына талап-арыз түсірді. Оның мақсаты маған қатысты жер телімін және үйді өз меншігіне өткізу болып табылады. Алатау аудандық соты 2011 жылдың 25 ақпанында Ниязов Нұрболдың талап-арызын қанағаттандыратын шешім шы­ғарды. Алматы қалалық со­тының апе­ляциялық сот алқа­сы аудандық соттың бұл ше­шімін өзгерізссіз қалдырды. Мен бұл шешімдерге қанағат­танбай Алматы қалалық со­тының кассациялық алқа­сына шағым түсірдім. Кассациялық ал­қа менің талабымды қана­ғаттан­дырып, Алматы қалалық сотының апеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 17-ма­мыр­дағы қаулысы мен Алатау аудандық сотының 2011 жыл­ғы 25-ақпандағы шешімінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына, Алатау аудандық сотына басқа судьяның қара­уына қайта жібер­ді. Үстіміз­дегі жылдың 9-қаңтарында Алатау аудандық сотының судьясы   Ө.Серімовтың төраға­лық етуімен сот отырысы өтті. Бұл реттегі сот шешімі де бұрынғыдай Ниязов Нұрбол­дың талап-арызын қанағаттан­дыр­ды. 2012 жыл­дың 26-сәуірінде Алматы қалалық соты­ның апеля­циялық алқасы аудандық сот­тың шешімін тағы да өзгеріссіз қал­дырды. Бұл сот шешімдері менің және балаларымның меншігі болған үйден және жер телімінен айырып, консти­туциялық құқымызды бұзып отыр деп есептеймін. Бірінші­ден, сот барлық мән-жайды зерттеген жоқ, әкесінің өлі­мінен кейін барлық меншікке мұраге­р­лері болып оның балалары есеп­те­лінеді. Ниязов Нұрбол күйеуім Дүр­менов Алтынбектің ауыр халде жатқанын пайдаланып, жалға берген үйді сатуды сұрайды. Бірақ Дүрменов Алтынбек бұл үйді сатуға рұқсатын берген жоқ. Екіншіден, Алатау ау­дандық сотының судьясы касса­ция­лық алқаның шешімінде көр­сетілгендей бір­де-бір талаптарын орындамай, негіз­сіз шешім қа­был­дады. Үшін­шіден, әкім қау­лы­сының тоқтату не бұзу жөнін­дегі уақытының өтіп кетуіне қа­­ра­мастан шешім шығаруы Аза­мат­тық кодекстің нормаларын сақта­май отырғандығын көрсетеді.

Осы уақыт ішінде сот, аурухана, үй арасында табан тоздырумен жүрмін. Жолдасым науқас еді, соңында жүйкесі тозып, сол аурудан қайтыс болды. Шиеттей балалармен жесір қалдым. Қай жерге барсам да, барлығы бір ауыздан Нұрбол Ниязовтың сөзін сөйлейді. Осы мәселеге журна­лис­тік тексеру жүргізіп, істің ақ-қарасын анықтауға көмектеседі деген сеніммен «Егеменге» арыз жазып отырмын».

Осы арыз иесі Құралай Қос­жано­ваның жанайқайын түсін­гендей бола­сың. Бірақ, неге еке­нін қайдам, Алатау аудандық сотының, Қосжанова айтпақ­шы негізсіз шешім шығаруына не себеп? Аудандық соттың шешімі және оны өзгеріссіз қалдырған Алматы қала­лық соты апеля­циялық алқасының қау­лыларын (бұрынғыларын айтып отырмыз) бұзған Алматы қалалық соты кассациялық алқасының қаулы­сында көрсетілгендермен танысатын болсақ, онда Құралай Қос­жанованың айтқанда­рына сенуге болатындай.

Азаматтық іс-материалдарын, жауапкер Қ.Қосжанованың касса­ция­лық арызының уәждерін зерттеп, сондай-ақ, прокурордың кас­сациялық арызды қанағаттан­дыру қажет деген қорытын­дысын тың­дап, бұл кассациялық арыз қана­ғаттандыруға жатады деген тұжы­рымға келген. Қазақстан Респуб­ликасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 383-21 баптарына сәй­кес, бірінші немесе апе­ля­циялық сатыдағы соттың осы Ко­декстің 365, 366-шы баптарында көз­дел­ген материалдық немесе іс жүр­гізу құқығының нормаларын бұ­зуы немесе дұрыс қол­данбауы сот қаулысы мен ұйғарымының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Аза­мат­тық іс жүргізу кодексінің 347-бабына сәй­кес, апеляциялық шағымдар, наразы­лықтар бойынша апеляциялық саты­дағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайының анық­талуының, материалдық құқық нормаларының қол­данылуымен түсіндірілуінің дұрыс­тығын, сон­дай-ақ, істі қарау мен шешу кезінде азаматтың іс жүргізу за­ңы нормалары сақталуын тек­середі. Азамат­тық іс жүргізу кодексінің 15-бабының үшінші бөлігінде көзделгендей, істі қа­рау­шы сот объективтілікті және әді­летті сақтай отырып істің мән жайын толық зерттеуге тарап­тардың құқық­тарын іске асыру үшін қажетті жағ­дайлар жасайды. Заңның осы талаптары істі апеляциялық қарау барысында толық сақталмаған. Апеляциялық сот сатысы бірінші сот саты­сының іс жүргізу тілі туралы ере­желерді бұзғанына мән бермеген. Іс материалдарынан белгілі бол­ғандай, бірінші саты соты­ның іс жүргізу тілі ретінде – орыс тілі таңдалған. Оған қарамастан орыс тілін меңгермеген жауапкер Қ.Қосжановадан қазақ тілінде 2 талап-тілек, ақшалай қаражат алғаны туралы қолхат, жер телі­мін беру туралы «Тамсан» қоға­мының шешімі, Қ.Қосжанованың үн­деуіне уәкілетті органдардың берген жауаптары қабылданып, оларды іс жүргізу тіліне аудару және аудармашыны қатыстыру қажеттілігі туралы Аза­маттық іс жүргізу кодексінің 14-ба­бының талаптары бұзылған.

Қ.Қосжанованың орыс тілін жетік білмеуі себебінен сотта анықталып жатқан мән-жай­лардың мағынасы мен барысын толыққанды түсіне алмағ­аны, өзінің, қайтыс болған жолда­сының, балаларының құқық­та­рын толыққанды қорғай алма­ғаны жөніндегі кассация­лық ал­қаның мәжілісінде нақтыла­нып, қолдау тапқан Қ.Қосжанованың касса­циялық арызына қосымша уәждері көңіл бөлуге тұрарлық. Қ.Қосжано­ва­ның кассациялық арызына жолдасының қайтыс болғаны жөніндегі куәлігі, оның қайтыс болуынан кейін бала­ларының мұраны қабылдауы туралы арызы, салықтарды төле­гені жөніндегі дәлелдер мен бас­қа да құжаттар қоса берілген. Бұл мән-жайлар бірінші және апеля­циялық саты соттарында зерттелмеген.

Осы сияқты көптеген кемші­ліктерді анықтаған кассациялық сот алқасы істі Алатау аудандық сотына басқа судья­ның қарауына қайта жіберген. Арыз иесі жаз­ғандай үстіміздегі жылдың 9-қаңтарында Алатау аудандық сотында қайта қаралып, бұрын­ғыдай Ниязов Нұрболдың пайдасына шешілген. Одан кейін Алматы қалалық сотының апеля­циялық алқасы да бұл шешімді өзге­ріссіз қалдырған қаулы шы­ғарыпты. Енді мәселе тағы да Алматы қалалық соты кассация­лық алқасына тіреліп тұр.

Арызды тексеру барысында Қ.Қос­жанованың өкілі Б.Ас­қар­бекова бізбен кездесіп өзі­нің бұл іске қатысты уәждерін айтқан болатын: «Нұрбол Ни­язовтың сол уақыттың өзінде құны 765 600 теңге болатын жер телімін алып қоюды жоспарлап жүр­генін Қос­жанова сезген жоқ. Жер телімін сатып алу үшін Н.Ниязов Қ.Қос­жановадан әдейі 500 мың теңге қарызға алған. Қос­жа­нованың жауабына қарағанда, Ниязов оған ақ­ша беретін кезде оның қолхат­та қарызға берілген ақша пә­терақы үшін емес, жер телімін сатып алу үшін деп көрсеткен. Жер телімінің Нұрбол Ниязов­тың ағасы Нұржан Ния­зовтың атына сатып алынғаны №4450 әкімшілік істе расталған. Бі­ріншіден, Қосжанова ақшаны алған туралы қолхат жазған кезде ол талапкер даулап отыр­ған жер телімінің меншік иесі болмаған және заң бойынша өз атына рәсімделмеген жер теліміне қатысты келісім-шарт жасауға құқығы болма­ған. Екіншіден, ол үй са­лын­ған жер телімін Ниязовқа мұн­дай сомаға сата алмайды. Өйткені сол кездегі баға бойынша Алматы қаласының Алатау ауданында бір жер телімі 50 мың АҚШ долларынан кем тұрмайды. Шағымға жер телім­дерінің нарықтық бағасы көрсетілген газеттер қосымша факт ретінде ұсы­нылған. Азаматтық кодекстің 171, 118, 154, 155 баптарының негізінде сату-сатып алу туралы жазбаша шарт рәсім­деліп, оны нотариус растап, әділет органдарында тіркелуі тиіс болатын. Мұндай шартты Ниязов өз шағымына қоспаған. Сондықтан Қосжанова мен Ниязовтың арасындағы пәтер­а­қы туралы жасалынған қол­хаттарды сату-сатып алу ке­лісім-шарты ретінде қабыл­дау мүмкін емес. Себебі ҚР Азаматтық кодексінің 158-бабының 1-бөлігінде көрсе­тіл­гендей мұндай қолхаттар жер учаскесін сату-сатып алу туралы келісім-шарттардың ор­нын толтыра алмайды. Сон­дай-ақ Азматтық кодекс­тің 178-бабының 1-ші бөлігіне сүйенсек, бұл қолхаттардың мерзімі 2008 жылдың мамыр айында аяқталған.

Қазақстан Республикасы­ның «Неке және отбасы» туралы Заңының 31 және 32- баптары, Азаматтық кодекс­тің 219-бабының 1-бөлімінің 1-тар­мағына сүйенер болсақ, тар­тысқа түсіп отырған жер телімі Дүрменов Алтынбек (мар­құм) және Құралай Қос­жа­нованың отбасына және оның мүшеле­ріне бөлінген. Қай­­тыс болған Дүрменов Алтынбек көзі тірі­сінде отбасы мүшелерімен бірге бұл жер телімін пайдаланып, үй құ­ры­лысын жүргізген. Сондық­тан, Азаматтық ко­декс­тің 219-бабының 1-бөлігіне, 220-баптың 2­­-бөлігіне сү­йен­сек, та­ласқа түсіп отыр­ған жер учаскесін Ниязовқа сату үшін Дүрменов Ал­тын­бектің нотариуспен бекітілген жазбаша ке­лісімі қажет. Ал істе көрсетіл­гендей, марқұм Дүр­менов ондай келісім бермеген. Олай болса, Азаматтық кодекстің 154-бабының 2-бө­лігінде көр­сетілгеніндей, үшін­ші жақтың құқығы шектелсе, сот мұндай келісімді жасалған деп мойындай алмайды. Егер мойындаған жағ­­дайда бұл меншікке құ­қығы бар А.Дүр­меновтің жә­не оның мұрагерлерінің (ба­лаларының) құқығы шектелген деп есеп­телінеді».

Арыз иесінің айтқанда­рын және оның өкілінің уәж­дерін толығымен келтірдік. Біз бұл ретте Қ.Қосжанова шағым­данып отырған ше­шімдерді шығарған судьялармен де, сондай-ақ, арыз иесінің талабын қанағат­тан­дырған касса­циялық ал­­қа­сы судьясымен де сөйлескен жоқпыз. Өйткені, олар бұл мәселеге байланысты ойла­ған ойлары мен айтар сөз­дерін өз шешімдерінде жә­не қаулыларында толық көр­сет­кен. Егер, біз жазып отыр­­ған бұл мақалаға келіс­пей, біздің де айтарымыз бар дей­тін болса, оларға өз ке­зегінде сөз беруге әзірміз. Ал, қазіргі айтарымыз, бірнеше рет, бірнеше сотта қаралып, бүгінгі күнге дейін негізгі шешімін тап­паған, ендігі тағдыры Алматы қалалық сотының кас­са­ция­лық ал­қасына тіреліп тұрған бұл іске әділ әрі заңды шешім шы­ғарылады ғой деген сенімдеміз…

Шарафаддин ӘМІРОВ,

«Егемен Қазақстан».