1988 жылы Сеул қаласында өткен жазғы Олимпия ойындарында көркем гимнастикадан Кеңес Одағының атынан алғашқы алтын медальді олжалаған Марина Лобач атындағы турнир 2002 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Минск қаласында (Беларусь) өткен байрақты бәсекеге 10 мемлекеттің спортшылары өз бақтарын сынады. Атап айтқанда, Израиль, Италия, Қазақстан, Кипр, Литва, Польша, Ресей, Украина, Эстония және Беларусь.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»