Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Еуропа лигасының плей-офф додасына шыққан барлық 16 команда белгілі болды.

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

Қарт құрлықтағы беделі жағынан екінші саналатын жарысты мына командалар одан әрі жалғастырады: «Байер» мен «Айнтрахт» (Германия), «Цюрих» (Швейцария), «Ред Булл Зальцбург» пен «Рапид» (Австрия), «Селтик» (Шотландия), «Зенит» пен «Краснодар» (Ресей), «Славия» мен «Виктория Пльзень» (Чехия), «Динамо Загреб» (Хорватия), «Фенербахче» мен «Галатасарай» (Түркия), «Арсенал» мен «Челси» (Англия), «Спортинг» пен «Бенфика» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Лацио», «Наполи», «Интер» (Италия), «Генк» пен «Брюгге» (Бельгия), «Мальмё» (Швеция), «Динамо Киев» пен «Шахтёр» (Украина), «Ренн» (Франция), БАТЭ (Беларусь), «Бетис», «Вильярреал», «Севилья» және «Валенсия» (Испания).

Өкінішке қарай, 1/16 финалға жолдама алған командалар қатарына «Астана» қосыла алмады. Соңғы тур ойындарын Францияда өткізген жерлестеріміз жергілікті «Ренн» клубына 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, өз тобында үшінші орын алған қазақстандық команда үшін биылғы Еуромаусым аяқталды.  

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»