Өнер • 15 Желтоқсан, 2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайбергеннің келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

«Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы. 22 наурызда, Ресейдегі менің жеке концертімде кездескенше! Жақын арада билеттер сатыла бастайды», - деп хабарлады әнші.

Айта кету керек, Димаштың жеке концерті бұдан бұрын Лондонда өткен болатын. Мәдени шараны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған еді.