Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2018

Қызылордада сағат кейінге шегеріледі

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада сағат кейінге шегеріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов айтты.

Қызылордада сағат кейінге шегеріледі

- Өздеріңізге белгілі, облысты 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына неғұрлым оңтайлы шешім болып табылатыны жайлы облыс әкімдігінің ұсынысы Елбасы тарапынан қолдау тапты. Үкіметтің «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкіметтің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №817 Қаулысы қабылданды. Осыған орай, аймақ тұрғындарын жаппай хабардар ету жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Дегенмен де, жолаушылардың жолдан қалып қоюы, оқушылардың сабаққа ерте баруы сияқты келеңсіздіктерді болдырмау үшін Сіздердің де жан-жақты ақпараттандыруға атсалуларыңызды сұраймыз, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы