Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызмет хабарлады. Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу соты облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мүслім Наурызовты екі айға үйқамаққа алу туралы Жедел тергеу тобының жетекшісі – Ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер тергеушісі К.Мирамовтың өтінішін қанағаттандырды.
М.Наурызов ҚР ҚК 366-бабы, 3- бөлім, 2-тармағы бойынша қаралатын аса ауыр құқық бұзушылық жасаған, нақтырақ айтсақ, алдын ала сыбайласу арқылы бір топ адаммен үлкен көлемде пара алған деген күдік бар.
М.Наурызов – 28 жыл бойы жоғары санаттағы онко-хирург, 2017 жылдан бастап емдеу орнының бас дәрігері лауазымына тағайындалған болатын. Оған дейін бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай