Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2018

«Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасы кезінде 3000 кіші хирургиялық ота жасалды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік жоба жұмысы барысында медициналық пойыздар бригадасы алпыс жеті мыңнан астам диагностикалық емшара, үш мың кіші хирургиялық операция жүргізді. Бұл туралы жоба қорытындысы бойынша өткен баспасөз маслихаты кезінде "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов мәлімдеді.

«Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасы кезінде 3000 кіші хирургиялық ота жасалды

Сондай-ақ, ол осы жобаның маңыздылығын атап өтті, себебі оның арқасында шалғайда орналасқан елді мекендерде сапалы медициналық көмек көрсетілгендіктен халықтың өмір сүру деңгейі артып келеді, оның ішінде денсаулықтың жоғары деңгейі жобаның шарттарының бірі болып табылады.

«Жоба қорытындысы бойынша, жұмыс барысында дәрігерлер қырық бірден астам (41 360) адамды тексерді. Сонымен қатар, дәрігерлік қаралулардың жалпы саны жүз тоқсан екі мыңдай (192 195) болды», - деп атап өтті Дияс Азбергенов.    

Сонымен қатар «Денсаулық» пойызы медициналық бригадасының бас дәрігері Арзықұл Кенжеев дәрігерлер өз емделушілерін құтқарған жағдайлардың болғанын да жеткізді. Сонымен, оның айтуынша, туберкулез, жіті жүрек-қан тамырлары аурулары және қатерсіз ісік жағдайлары анықталды.

Айта кеткен жөн, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Жоба аясында 2018 жылы дәрігерлер өңірлерде ең көп таралған 5 ауруды анықтады. Оларға артериялық гипертония, ишемиялық ауру, қант диабеті, созылмалы бронхит және эндемиялық жемсау жатады.