Күрес • 24 Желтоқсан, 2018

Алматыда қазақ күресінен кадеттер арасында қала біріншілігі аяқталды

53 реткөрсетілді

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы Оқушылар сарайында қазақ күресінен кадеттер арасында қала біріншілігі аяқталды. Жарысқа қатысқан 150 жас өрен 15 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды.

Айтулы жарысты біз Алматыда ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау және жергілікті тұрғындарды салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында өткізіп отырмыз. Қазіргі кезде қазақ күресі күллі Қазақстанда қарыштап дамып келе жатқаны баршаға мәлім. Әлемдік және құрлықтық додаларда үздіксіз ұйымдастырылуда. Қазақ күресінде төрттаған немесе ауырту және қылқындыру тәсілдері жоқ. Бұл –  тік тұрып күресетін нағыз бекзада өнер, – дейді республикалық дәрежедегі төреші Талғат Қонаев.

Қала біріншілігінің қорытындысы бойынша Димаш пен Айдар Қалмұратовтар, Арлан Қуанышұлы, Әли Ралит, Әлихан Ілияс, Қуаныш Кемекбай, Мирас Калиекбаров, Дайыр Мақұлбек, Нұржол Мырзахметов  және тағы басқа балғын балуандар қарсылылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.   

Алматы қаласының біріншілігі аяқталған бетті 2018 жылдың қорытындысы шығарылды. Кадеттер арасындағы ең үздік балуан Мирас Шакеров, жасөспірімдер арасындағы ең үздік балуан Нұрсұлтан Нүрсейітов, жастар арасындағы ең үздік балуан Ерасыл Жанатаев, ең үздік бапкерлер Ғани Келдіқұлов пен Ғазиз Тұрыскұлов, ең үздік төреші Болатбек Ибрагимов және де қазақ күресін өркендетуге атсалысып жүрген басқа да мамандар мен азаматтар дипломдар және түрлі сыйлықтармен марапатталды. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар