Әлем • 25 Желтоқсан, 2018

Кабулдағы шабуыл салдарынан қаза болғандардың саны 43 адамға жетті

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кабулдағы шабуыл салдарынан қаза болғандардың саны 43 адамға жетті

Кабулдағы үкімет ғимаратындағы содырлардың шабуылынан кем дегенде 43 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Вахид Маджрух.

Бұған дейін 28 қаза тапқандар мен үш жараланғандар туралы ақпарат хабарланған.

Айта кетейік, кеше Кабулда қоғамдық жұмыстар министрлігінің ғимаратында үш жарылыс болды. Шабуыл жасағандар ғимарат аумағына кіріп, онда адамдарды кепілдікке алды.