Спорт • 25 Желтоқсан, 2018

Шахматтан ел кубогының иегерлері анықталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан кубогы жолындағы жарыс аяқталды. 

Шахматтан ел кубогының иегерлері анықталды

Жүлде қоры 3,7 миллион теңгені құраған айтулы додада республикамыздың 14 және шет мемлекеттерден келген 6 ойыншы бақ сынады. Ерлер арасында ресейлік Дмитрий Хегай топ жарса, ақтөбелік Арыстанбек Оразаев пен павлодарлық Денис Махнёв жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Әйелдер сайысында тараздық Мәдина Дәулетбаева дара шықса, павлодарлық Кристина Ким мен астаналық Дана Төлеева екінші және үшінші орынды өзара бөлісті. Жеңімпаз атанған қос ойыншыға 400 000 теңгеден сыйақы табыс етілді.

Жас өрендердің жарысы астаналық Нөгербек Қазыбек пен алматылық Әсел Лесбекованың жеңісімен аяқталды. Олар 100 000 теңгеге иелік етті.  Сонымен қатар, жасөспірімдер сайысында бас жүлдені олжалаған шахматшылар келесі жылы Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекесінде және өз қатарластары арасында өтетін әлем біріншілігінде күш сынасу құрметіне ие болды.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»