Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанның жас өрені халықаралық байқауда топ жарды

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл кентінде жұмыс істейтін «Мерей»  өнер мектебінде үш жүзге жуық  тәрбиеленуші бар.

Солтүстік Қазақстанның жас өрені халықаралық байқауда топ жарды

Солардың бірі Ақбота Қазбекова Астана, Көкшетау, Қарағанды, Петропавл қалаларда  өткен байқауларда оза шауып, халықаралық «Таңғы шұғыла» фестивалінде гран-приді жеңіп алды. Жасарал Еңсеповтың «Балбұлақ» күйін нәшіне келтіре орындап, 23 үміткердің  ішінен ең үздігі атанды.Ол  төрт жылдың  ішінде көптеген күйлерді меңгерген.

«Домбыра сыныбына 40 бала қатысады. Оларға үш ұстаз сабақ береді.Білім бөлімі мен әкімдік үнемі қаржылай қолдау көрсетеді», дейді домбыра сыныбының оқытушысы Татьяна Букирова.

Өнер мектебінің директоры Әлия Сеңкібаеваның айтуына қарағанда бір балалардың ұлттық өнерге деген ықыласы  ерекше. Биыл 30 тәрбиеленуші өнердің түрлі бағыты бойынша республикалық сайыстардан жеңімпаз болып оралса, төртеуі-гран-при иегері. Мұнда вокал, көркем сурет, хореография, барлық аспапта ойнау бөлімдері жұмыс істейді. Балалар спортқа да баулынады.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы