26 Желтоқсан, 2018

Мойыл

1652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мойыл

Биылғы қатал басталған қыс­­ты өзгерткен аппақ қарға өрнек бергендей болған көздің жа­уын­ алған мойыл еді. 

Айналаға қар­ түскен жел­­тоқсанның бет қа­рыған ал­ғашқ­ы күндері жұ­мыс­қа бара жатқанда жол бойын­дағы бір түп жидектің ал ­қызыл бояуы көз жауын ал­ғаны ерек. «Самалдағы» ең биік үйдің алдына егілген ағаштың біріне мойыл өседі деп кім ойлаған. 

Мойыл шіркін алғашқы қар жауғанда қар астында қал­ған еді. Араға апта салып келгенде  күн жыли бастаған сәт болатын, аязда әдемі көрінетін мойылдың борсып  ісіне бастағанын байқап таңғалдық. Мойыл ағып ке­те­ді дегеніңіз осы шығар деп қой­ғанбыз.

Сіз де көріңіз, жары,қ­тық, мойыл ағып кеткен жыл деп жа­затын осы кез-ау! Жол жие­гіндегі доланаларды тосап жасауға жинап ал­ған, ал мойылыңыз ағаш ба­сында Жаңа жылда жылтырап көздің жауын алады. Қызық, сіз білесіз бе, негізі мо­йыл су қоймаларының, көлдердің, өзен­дердің жа­ға­ларында, бұта­лардың ара­сында, орман­дардың шет­терінде өседі екен. Бая­ғыда қа­ланы көркейту орын­дары аймақты жасыл­­дандыру ке­зінде мойыл бұ­та­ғын шанши салған болды ғой.

Шіркін, мойыл!   

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы