Табиғат қорғау полицейлері жақында Қостанай-Мамлютка тас жолының бойынан «ВАЗ-2107» маркалы жеңіл көлігін тоқтатты. Жүргізушісі мен екі жолаушысы бар көлікті тексергенде оның багажынан атып алған еліктің сойылмаған тұтас еті мен екі мылтық табылды.
Тексергенде мылтықтың екеуі де машинадағы бір жолаушының атына тіркелгені белгілі болды. Меңдіғара ауданында тұратын үш браконьер Қостанай ауданына келіп, аңшылық құрған. Олардың елік атуға рұқсат қағазы да жоқ. Браконьерлер кінәсін толық мойындады. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлімі бойынша «заңсыз аңшылық жасағаны үшін» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай