Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018

Павлодарда 36 жаңа автобус бағыттардан алынып тасталған

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің айтуынша,  2019 жылы облыс орталығы көшелерінде  10 электробус, 20 жаңа автобустар  жүруі мүмкін.

Павлодарда 36 жаңа автобус бағыттардан алынып тасталған

Электробустар мен  автобустарды сатып алуға  412 миллион теңге бөлінбек. Көліктер Қостанай зауытында шығарылған. Облыс орталығына Астана күніне дейін жеткізілу жоспарлануда. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше, алдағы жылға арналған бюджеттің жалпы көлемі 78,3 млрд теңгені құрайды.

Яғни, әлеуметтік саладағы іс-шараларды қаржыландыруға 20 млрд теңге, құрылыс саласына 17,4 млрд теңге, ал, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 10 млрд теңге бөлінбек.

Сонымен бірге,  облыс орталығындағы 2-ші Павлодар бөлігіне құбыр  желілерін салу жұмыстары басталады. Жоспарға сәйкес, Сибирская, Хабаровская, Сүлейменов, Дальневосточная және Деров көшелерінде құбырлар салынады.

Ал,  қала әкімі айтқан  жаңа автобустардың облыс  орталығына қарай келе жатқаны қала тұрғындары үшін жаңалық емес. Ескі автобустармен  жүруден шаршаған тұрғындар  Ә. Күмпекеев айтқан жаңа автобустардың қала көшелерінде тұрақтап қалуын күтеді. Өйткені, 2016 жылы облыс орталығыдағы №1 автобус паркі ЖШС-ін жекешелендіру барысында 36 жаңа автобус сатып алған болатын.

Бірақ, көп ұзамай жаңадан берілген автобустар бағыттардан алынып тасталғаны да бар. №1 автобус паркі ЖШС  жекешелендіру аясында жекенің қолына  өтті. Кәсіпкер өз міндеттерін орындай алмаған соң, парк қайтадан мемлекетке қайтқан-ды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20